5-сыныпқа көшу — бала өміріндегі жаңа кезең.

Жаңа пәндерге, түрлі мұғалімдердің талаптарына және оқу тәртібіне үйрену уақыт пен қолдауды қажет етеді.
Осы мақсатта мектеп психологі 5-сынып оқушыларымен «Оқудың жаңа жағдайларына эмоциялық бейімделу» тақырыбында сабақ өткізді. Сабақ оқушылардың өз сезімдерін түсінуіне, қобалжуын жеңілдетуге және жаңа ортада өздерін сенімді сезінуіне қолдау көрсетуге бағытталды.
Әр баланың мектепке алаңсыз келіп, өзін жайлы сезінуі — табысты оқудың маңызды шарты.