Қашықтықтан оқыту жағдайында мектеп педагог-психологының қызметі

Қашықтықтан оқыту жағдайында мектеп педагог-психологының қызметі: ағартушылық, консультативтік, профилактикалық, түзету-дамыту.

Ата-аналар мен балалардың назарына үйде қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру бойынша психологтың ұсыныстарымен бейнероликтер әзірленді.

Сонымен қатар ата-аналарға өз баласымен тұлға аралық қарым-қатынасты жақсарту үшін пайдалана алатын отбасылық тәрбиенің негізгі ережелері туралы ақпарат берілді.

Оқушылар қашықтықтан оқыту режимінде презентация түрінде әр түрлі ойындар, тапсырмалар, жаттығулар, тесттер, жұмбақтар, бейнероликтер түрінде танымдық процестерді түзету (логика, ойлау, есте сақтау, зейін) және эмоциялық интеллектіні дамытуға арналған, әр жас топтарының даму ерекшеліктерін ескере отырып, өте алады.