«АЛТЫН САҚА» МАТЕМАТИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ МЕКТЕПІШІЛІК КЕЗЕҢІ ӨТТІ!

15.10.2026

2026 жылғы 9 қазанда, мектебімізде 5–6-сынып оқушылары арасында республикалық «Алтын сақа» математикалық олимпиадасының мектепішілік кезеңі ұйымдастырылып, өткізілді.

🧮 Олимпиаданың негізгі мақсаты – математика пәніне қызығушылығы жоғары, дарынды оқушыларды анықтау және қолдау, олардың логикалық ойлау қабілеттерін, зияткерлік әлеуетін және шығармашылық ізденістерін дамыту.

✏️ Олимпиада барысында оқушылар математикалық білімдерін ортаға салып, логикалық ойлау, талдау және күрделі есептерді шешу дағдыларын көрсетті.

✨ Бұл білім сайысы оқушыларға өз мүмкіндіктерін сынап, білім деңгейлерін бағалауға және интеллектуалдық қабілеттерін шыңдауға тамаша мүмкіндік берді.

👏 Олимпиадаға қатысқан барлық оқушыларға белсенділіктері, білімге деген құштарлықтары мен табандылықтары үшін алғыс білдіреміз!

🌟 Жас математиктерімізге алдағы кезеңдерде сәттілік, жоғары нәтижелер мен толағай табыстар тілейміз!

📌 Білімді ұрпақ – жарқын болашақ кепілі!

Просмотров: 171


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу