Педагогикалық еңбек ардагерлеріне деген жылулықпен және құрметпен.
02.10.2026
Қарттар күні қарсаңында мектебіміз педагогикалық еңбек ардагерлері — Мариничева Л. Ф., Кучма В. И., Ищукова Н. М. және Рыбакова Л. И. апайларымызды құттықтады.
Көп жылғы адал еңбегі, жас ұрпақты тәрбиелеу мен білім беруге қосқан елеулі үлесі үшін терең құрмет пен шынайы алғысымызды білдіре отырып, ардагерлерге күзгі азық-түлік себеттері табысталды.
Құрметті ардагерлерімізге шын жүректен зор денсаулық, күш-қуат, жан жылуын, амандық-саулық және ұзақ та бақытты ғұмыр тіледік!
Әр күндеріңіз жақындарыңыздың ықыласы мен қамқорлығына, жылы сөздер мен қуанышқа толы болсын!
Просмотров: 166