Сіздерді шын жүректен құттықтай отырып, шығармашылық табыс, жаңа белестер мен толағай жеңістер тілейміз!
15.04.2026
Мектебіміздің педагогтері Надырбаева Шынар Аманбаевна мен Ибраев Рахимжан Максатович білім беру ұйымдарының кәсіподақ ұйымдары арасында өткен «Екі жұлдыз» байқауында жоғары шеберлік, шығармашылық және сахналық мәдениет көрсетіп, жүлделі І орынды иеленді 🏆
Сонымен қатар, жеңімпаздарымыз облыстық кезеңге жолдама алып, байқаудың келесі сатысында бақ сынауға мүмкіндік алды 🔥
Осындай жетістіктер – бүкіл мектеп ұжымының абыройы!
Просмотров: 1323