Қуанышты жаңалығымызбен бөлісеміз!

19.03.2026

Наурыз мейрамы аясында өткен 5–7 сынып оқушылары арасындағы қалалық мектеп лигасында тоғызқұмалақтан біздің мектептің командасы жүлделі 3-орынды иеленді! 🥉

Оқушыларымыз жоғары дайындық деңгейін, логикалық ойлау қабілетін және ұйымшылдықтарын көрсетіп, мектеп намысын лайықты қорғады.

Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз және табандылықтары мен жеңіске деген ұмтылыстары үшін алғыс білдіреміз! 👏
Алдағы уақытта да биік белестерді бағындыруға тілектеспіз! 🌟

Просмотров: 1830


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу