Қолайсыз отбасылар бойынша рейд
15.01.2024 жылы Ақмола облысы прокуратурасының тапсырмасы бойынша "Бақытты және қауіпсіз балалық шақ" жобасы аясында аға прокурор Қ.Б.Бақтияров, прокурор М. К. Сағымбаева, кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі қалалық ювенальдық полиция инспекторы З. Ф. Шаракаева, білім беру бөлімінің тәрбие ісі жөніндегі әдіскері Г. Т. Баязитова, әлеуметтік педагогтар А.К. Құрмантаева мен Ә.М.Әбілхайыр, кешкі мектеп басшысының ТЖ жөніндегі орынбасары А. А. Базылбекова қаланың қолайсыз отбасылары бойынша рейд жүргізді. Рейд барысында ата-аналармен және балалармен әңгімелер жүргізіліп, тұрғын үй-тұрмыстық жағдайлары қаралды.
