"ТҰҒЫРЫ БИІК ТӘУЕЛСІЗДІК" дөңгелек үстелі
"Ахмет Байтұрсынұлы атындағы № 2 жалпы білім беретін мектебі" КММ-де "Мектеп парламентінің" мүшелерінің қатысуымен "ТҰҒЫРЫ БИІК ТӘУЕЛСІЗДІК" дөңгелек үстелі өткізілді. Дөңгелек үстелдің мақсаты: қатысушылардың бойында патриотизм сезімін тәрбиелеу, Қазақстан тарихымен, Тәуелсіздік алғаннан кейінгі жетістіктермен және Қазақстанның одан әрі дамуымен, Қазақстанның ұлттық стратегиясына сәйкес жастардың үлесімен танысу. Дөңгелек үстелге қатысушылар мен ұйымдастырушыларға сертификаттар табысталды. Іс-шара тарих пәнінің онкүндігі аясында ұйымдастырылған.

